Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Cарыағашта ми қайнатар ыстықтан бағдаршамның балқып кеткені рас па? (видео)

Опубликовано:

Куәгерлер Отырар арнасының редакциясына Түркістан облысы Сарыағаш ауданында аптап ыстықтан көшеде тұрған бағдаршамның балқып кеткенін айтып, видео жіберген. Сарыағаш ауданы әкімдігінің баспасөз хатшысы Қайрат Дуйсенбаевтың мәліметінше бұл ақпарат шындыққа жанаспайды деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Cарыағашта ми қайнатар ыстықтан бағдаршамның балқып кеткені рас па? (видео)
Видеодан кадр: Instagram

"Сарыағашта осындай жағдай. 55 градус ыстық болып тұр. Бәрі балқып жатыр. Тіпті 60 градусқа дейін барады деп жатыр. Бағдаршамдардың өзі көтере алмай жатыр", - дейді видеодағы куәгер.

Алайда Сарыағаш ауданы әкімдігінің баспасөз хатшысы бұны жоққа шығарды.

"Сарыағашта бағдаршамдар күн ыстығына балқып жатыр" деген ақпарат шындыққа жанаспайды. Сарыағаш қаласында республикалық маңызы бар А-15 тасжолында бағдаршам бар. Осыдан екі күн бұрын жүк көлігі сол бағдаршамға соғылып, сындырған. Бүгін Шымкент қаласынан бағдаршам алғызып, жаңасын орнатып жатырмыз. Сондықтан "Сарыағашта күннің ыстығынан бағдаршам балқып кетті" деген ақпарат өтірік", - дейді Қайрат Дуйсенбаев.

Баспасөз хатшысының сөзінше, қазір Сарығашта ауа температурасы +35, +40 градус ыстық.

Айта кетейік, бұған дейін желі қолданушысы Алматыда қатты ыстықтан еріген асфальттың суретін жариялаған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1805951-caryagasta-mi-kajnatar-ystyktan-bagdarsam-balkyp-ketti-video/

pixel