Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бизнес үшін тағы қай жерден ақша алуға болады?

Опубликовано:

Бүгінгі таңда ЕДБ арасында шағын және орта бизнесті кредиттеу – Қазақстандағы кәсіпкерлер үшін қаржылық қызметтер экожүйесін дамытудың логикалық жалғасы болып табылады.

Бизнес үшін тағы қай жерден ақша алуға болады

Қаржылық ұйымдар клиенттердің қажеттіліктерін түсінеді және әр түрлі платформалар шеңберінде олардың бизнесіне қатысты барлық өзекті мәселелерді дереу шешуге арналған қызметтердің толық кешенін ұсынуға ұмтылады.

Қазақстанның кредиттік нарығында шағын және орта бизнесті кредиттеу сегменті кең таралған, алайда кейде кәсіпкерге көптеген бағдарламалар арасында ең тиімді қарыз беру бағдарламасын таңдау қиынға соғады. Қазіргі таңда Қазақстандық бизнесмендер кассалық есеп айырысу қызметтерін, кредиттерді, кепілдіктерді және басқа қызметтерді белсенді түрде қолданады.

Көп жағдайда, клиенттерде тиімді және оңтайлы шарттары бар кредитті қалай таңдау керектігі жөнінде сұрақ туындайды. Сондықтан, ШОБ-тың қолдауымен біздің банк әрбір бизнес қарыз алушының қажеттіліктері мен талаптарын ескере отырып, бірегей өнім түрлерін жасады», - деп Jýsan Bank / «Жусан банк» / Шағын және орта бизнес департаментінің директоры Асқар Битигов пікірімен бөлісті.

Сарапшының айтуынша, көбінесе, шағын кәсіпорындардың иелері банктік қызметтердің ықтимал спектрі туралы біле бермейді, бірақ оған қарамастан, шағын бизнеске несие ауадай қажет. Бизнеске арналған кредит түрлерін және олардың ерекшеліктерін нақты түсіне білу маңызды.

«Жиі, банктер кредитті әрекет етуші бизнестің дамуына және сақтықпен бастапқы жобаларға ұсынады. Бірінші кезекте, стартап ашу - бұл кәсіпкер және қаржыгерлер үшін де үлкен тәуекел, сондықтан қарыз қамтамасыз ету, жан-жақты ойластырылған бизнес-жоспар, сондай-ақ үшінші тұлғалардың кепілгерлігі болған жағдайда ғана беріледі», - дейді басшы.

Битигов мырзаның пікірінше, кәсіпкерлерге, кредит ұйымдары өндіріс және қайта өңдеу, сауда және қызмет көрсету салаларындағы жобаларды қарастыратыны жөнінде білген жөн, өйткені аталған қызметтер Қазақстан нарығында сұранысқа ие. Егер ірі бизнес туралы айтатын болсақ, тұрғын үй қорын салумен (үлестік қатысу) және ауыл шаруашылығымен (өсімдік шаруашылығы) байланысты жобалар неғұрлым мұқият және қатаң түрде қарастыралады.

Бүгінгі күнде Jýsan Bank-тің / Жусан банктің / өнім желісі қызметтердің кең спектрімен ұсынылған, бұл өз кезегінде әрбір клиентке өз қажеттіліктеріне сай өнімді таңдауға мүмкіндік береді. Мысалы, кредит беру бөлігінде Банк мынадай өнімдерді ұсынады:

  • Жеңілдетілген қаржы талдауымен шұғыл кредиттер – «Qainar», «Овердрафт»;
  • Тиімді шарттарымен стандартты кредит – Кәсіпкер.
  • «Ақша кепілімен»
  • Банктік кепілдіктер.
  • Басқа қызметтер.

Кәсіпкерлерге кеңес, кредиттік өнімді таңдау кезінде, ең бастысы – кәсіби білікті мамандарға сенім білдіру және қаржы қызметінің тиімді нұсқасын таңдауға мүмкіндік беретін қаржы институты тұлғасындағы сенімді серіктесті табу қажет.

Jýsan Bank-тің / Жусан банктің / кредиттік мамандары клиентке тиімді өнімді таңдау кезінде қарыз алудың ұтымды нұсқасын айқындау және іріктеу үшін қажетті құжаттарды жинау іс-шаралары бойынша көмек көрсетуге дайын.

Толығырақ 7711 тегін нөмірі бойынша немесе https://jysanbank.kz/business сайтында

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1805973-biznes-sin-tagy-kaj-zerden-aksa-aluga-bolady/

pixel