Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елімізде демалыс күндері ауа райы қандай болады?

Опубликовано:

"Қазгидромет" РМК өкілдері 20-20 шілде аралығына арналған ауа райы болжамын ұсынды. Синоптиктердің мәліметінше, кей өңірлерде күн салқындайды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: pixabay
Көрнекі фото: pixabay: Facebook

Мамандардың мәліметінше, демалыс күндері барикалық алқаптың қайта құрылуымен және Қазақстанның солтүстік облыстарына атмосфералық фронттармен бірге Орал аймағынан салқын және ылғалды ауа түсе бастайды.

Атмосфералық фронттардың оңтүстік-шығыс бағытта баяу жылжуымен кей жерлерде өткінші жаңбыр, найзағай, дауылды жел және ыстықтың бәсеңдеуі күтіледі, тіпті бұршақ болуы ықтимал.

Дегенмен синоптиктер республиканың оңтүстік облыстарында әлі де ыстық сақталатынын, ауа температурасы бұрынғыдай 38...45°С шамасында болатынын ескертті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1805974-elimizde-demalys-knderi-aua-rajy-kandaj-bolady/

pixel