Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда жеке деректер бойынша агенттік пайда болуы мүмкін

Опубликовано:

Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Абылайхан Оспанов Үкіметтегі баспасөз конференциясында азаматтардың жеке мәліметтерін қорғау мақсатында министрлік Ақпараттық қауіпсіздік комитеті жанынан жеке деректер жөніндегі агенттік құру туралы бастама көтергенін хабарлады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: primeminister.kz
Фото: primeminister.kz: Depositphotos
"Бүгінде әрбір мемлекет өзі сақтайтын жеке деректерге толықтай жауап береді. Сол себепті, министрлік жеке комитет – ақпараттық қауіпсіздік базасында Жеке деректер бойынша агенттік құруды жоспарлап отырмыз.
Ол ақпараттық қауіпсіздік бойынша біздің дербес мәліметтерімізді сақтап, жауапкершілік бойынша жұмысты үйлестіріп, жақсартатын болады", - деді Оспанов.

Оның сөзінше, аталған агенттік қазақстандықтардың жеке деректерінің тарап кетпеуіне жауапты болады.

"Аталған ұсыныс бүгінгі таңда қарастырылып жатыр. Меніңше, бізде осы істерді қадағалайтын жаңа координатор пайда болуы мүмкін" , - деп түйіндеді вице-министр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1806006-kazakstanda-zeke-derekter-bojynsa-agenttik-pajda-boluy-mmkin/

pixel