RU
Қостанайда бір топ әртіс мінген шағын автобус тракторды қағып кетті

Қостанайда бір топ әртіс мінген шағын автобус тракторды қағып кетті

Рассказать Вконтакте

Қостанайда бір топ әртіс отырған шағын автобус тракторды қағып кетті. Көлік ішінде аниматорлар мен "Эстель" шоу-балетінің өкілдері болған деп хабарлайды alau.kz сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: alau.kz

Фото: alau.kz

Шоу-балет жетекшісі Светлана Бабичтің айтуынша, олар Қарасу ауданындағы іс-шарадан қайтып бара жатқан екен.

"Автобуста көптеген әртістер мен менің қыздарым болды. Сондай-ақ, онда аниматорлар да отырды. Бір жігіт ауыр жарақат алды.

Оның өті жарылып кеткен, оған ота жасалды. Ал менің қыздарым әйнектен зардап шегіп, дәрігерлер тілінген жерлерін тігіп берді. Олар көліктің артқы жағында отырғандықтан аман қалған", - дейді топ жетекшісі.

Айта кетейік, 19 шілде күні "Алматы-Екатеринбург" тас жолында сағат 03:00-де, Мерседес көлігінінің 65 жастағы жүргізушісі "МТЗ-80" көлігімен соқытығысқан еді.

Оқыс оқиғадан 9 адам дене жарақатын алып, олар аудандық ауруханаға жеткізілген. Жол-көлік оқиғасына қатысты тергеу жұмыстары басталған.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
2
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel