Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жолымды байлаған": Жігіттерден көңілі қалған 22 жастағы ару жан сырымен бөлісті

Опубликовано:

22 жастағы бойжеткен өзінің үнемі жігіттен жолы болмайтынын айтып, шағымданды. Оңтүстік өңірдің сұлуы хат-хабарсыз кететін ер-азаматтардың ісінен шаршап, сыған әйелдің айтқанын есіне алды деп жазады "Алаш айнасы".

Фото: shutterstock.com
Фото: shutterstock.com: Instagram

Магистратураны тәмамдаған ару бүгінде Алматыдағы университеттердің бірінде сабақ береді. Жұмыстан тыс уақытында репетитор болып та табыс табады.

"Менің жасым 22-де. Оңтүстік өңірдің қызымын. Қазір Алматыда университетте сабақ беремін. Одан бөлек, репетитор болып жұмыс істеймін. Айтайын дегенім, жігіт мәселесі. Бойым 1.70, салмағым 48 келі. Бір жігітке жар болар түрім де баршылық. Бірақ, неге екенін білмеймін, танысқан жігіттерім бір - екі рет кездескен соң хабарласпай кетеді. 

Алла нәсіп етсе, осы жылы магистратураны бітіремін. Таяуда бірге жұмыс істейтін апай баласымен таныстырып еді. Ол да хабарласпай кетті. Анасына "Ұнады, сүйкімді, ақылды қыз екен. Өз - өзін ұстауы, мәдениеттілігі ұнады. Бірақ бір нәрсе одан алшақтатып тұрған сияқты" деп айтыпты. Шыңдап қорқайын дедім. Кездесуге шақырған жігіттерге шығуға жүрексініп қалдым", - дейді ару.

Осы жағдайдан кейін бақытын күтіп шаршаған қыз өзіне сыған әйелдің айтқан сөзін есіне алған.

"Мектеп бітірген жылы базарда бір сыған әйел "Қызым, сенің жолыңды байлап тастаған. "Бақытсыз өтсін" деп алдыңнан тұз шашқан. Маған екі түрлі жіп әкел, жолыңды ашып берейін. Сенен ат пен түйенің құнын сұрамаймын ғой" дегенде мән бермеген едім. Енді сол бір оқиға ойымнан кетер емес.
Расымен де өмірде дуа жасату деген нәрсе бар ма? Бар болса қалай қайтаруға болады? Балгерлерге баруға қорқамын. Қандай ақыл айтасыздар", - деді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1806016-zolymdy-bajlagan-zigitterden-kili-kalgan-22-zastagy-aru-zan-syrymen-blisti/

pixel