RU
Бурабайда Жеке батыр тауы өртеніп жатыр

Бурабайда Жеке батыр тауы өртеніп жатыр

Рассказать Вконтакте

Ақмола облысындағы Жеке батыр тауындағы құрғақ шөптер өртеніп кетті деп хабарлайды өңірдегі төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото:dpchas.com.ua

Фото:dpchas.com.ua

Мәліметтерге сүйенсек, өрт жайында ақпарат 19 шілде күні түс уақытында келіп түскен.

Аталмыш тау Щучинск қаласынан 15 шақырым жердегі "Бурабай" ұлттық саябағының аумағында орналасқан.

Қазіргі уақытта өрттің шығу себептері анықталып жатыр. Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ. Оқиға орнына өңірлік төтенше жағдайлар департаментінің жедел штабы келіп жеткен.

Өртті ауыздықтауға төтенше жағдайлар департаментінің 50 қызметкері мен 5 арнайы техникасы жұмылдырылды. Сондай-ақ екі арнайы көлік пен Ми-2 тікұшағы да өрт сөндіруге атсалысуда.

Одан өзге Көкшетаудан көмекке "Казавиаспас" АҚ-ның Ми-26 тікұшағы да келген.

Сіздің реакцияңыз
2
0
2
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel