Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Димаш бір жыл бұрын өмірден өткен Денис Тенге жантебірентерлік жазба арнады

Опубликовано:

Димаш Құдайберген өткен жылы кісі қолынан қаза тапқан досы, қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Тенге жантебірентерлік жазба арнады. Бүгін спортшының өмірден өткеніне тура бір жыл болған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Әнші досына арнаған жазбасын Instagram парақшасында жариялаған.

"Өзіңмен жүздескен, тілдескен, танып білген әр жанның мәңгі сана-сезіміндесің. Сен әрдайым менің есімдесің, жүрегімдесің досым!
Сенің бойыңдағы қасиет: Өз ұстамыңа беріктігің, ерен еңбегін, кәсібіңе деген құрметің, Отанға деген адалдығың - еліңе, жас ұрпаққа үлгі, қағида болып қала береді, Денис Тен", - деп жазды Димаш Құдайберген.

Айта кетейік, Денис Тен 2018 жылдың 19 шілдесінде Алматыда автокөлік ұрыларының қолынан қаза тапты.

Сондай-ақ, бүгін мәнерлеп сырғанаушының өнердегі достары оны еске алып, желіде жазба жариялаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1806040-dimas-bir-zyl-bryn-mirden-tken-denis-tenge-zantebirenterlik-zazba-arnady/

pixel