RU

Жеке батыр тауында өрт қалай сөндіріліп жатыр?

Бүгін, 19 шілдеде Бурабайдағы Жеке батыр тауының шыңында құрғақ шөп пен орман өртенді деп хабарлайды Ақмола облысының Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: Ақмола облыстық ТЖД баспасөз қызметі
Фото: Ақмола облыстық ТЖД баспасөз қызметі: UGC

Белгілі болғандай, өрт 852 метр биіктікте пайда болған.

Тілсіз жау сағат 15:55-те ауыздықталды. Оның аумағы 0,33 гектарды құрады.

Жалынды тоқтату үшін "Қазавиақұтқару" тікұшағымен бес рет су төгілді (50 тоннаға жуық).

Өрт сөндірушілердің күштері ТЖД-ның 75 қызметкері мен 6 арнайы көлігіне дейін ұлғайтылды. Сондай-ақ өртті сөндіруге"ҚР ПІБ МППБ" ММ 40 қызметкер, 3 бірлік техника (соның ішінде тікұшақ), жергілікті атқарушы органдардың 11 қызметкері мен 3 бірлік техникасы қатысаып жатыр.

Фото: Ақмола облыстық ТЖД баспасөз қызметі
Фото: Ақмола облыстық ТЖД баспасөз қызметі: UGC

Фото: Ақмола облыстық ТЖД баспасөз қызметі
Фото: Ақмола облыстық ТЖД баспасөз қызметі: UGC

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1806068-zeke-batyr-tauynda-rt-kalaj-sndirilip-zatyr.html