Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Әрдайым гүл шоқтары тұрады": Алматыда Денис Тенді еске алды (фото)

Опубликовано:

Танымал қазақстандық спортшы Денис Теннің қайтыс болғанына биыл бір жыл толды. Өткен жылы ол қылмыскерлердің қолынан қайғылы жағдайда қаза тапқан еді. Бүгін қала тұрғындары спортшыны еске алды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: KAZ.NUR.KZ.
Фото: KAZ.NUR.KZ.: Original

Денис Теннің ескерткішінің жанында бүгін 150-ге жуық алматылық тұрғын жиналды. Адамдар күні бойы гүлдер әкеп жатыр.

Денис Теннің арқасында қазақстандық спорттың жаңа парағы ашылды. Ол уақытта елімізде мәнерлеп сырғанауды дамытуға болатынына ешкім сенбеген еді.

Фото: KAZ.NUR.KZ.
Фото: KAZ.NUR.KZ.: Original
"Денис біздің спорт түрі үшін өте көп еңбек етті. Біздің жас спортшыларымыз одан үлгі алады. Денис әрқашан біздің жадымызда. Ол біздің тәлімгеріміз. Ол үнемі жаттықтырушыларға көмектесіп, тіпті мұғалім болған.
Барлық әлемдік мәнерлеп сырғанауға ол жетіспей жүр. Денисте тек терең мағынасы бар ақылға қонымды бағдарламалар болды. Ол әрдайым бізбен бірге", - деді мәнерлеп сырғанаудан бас жаттықтырушы Құралай Узурова.
Фото: KAZ.NUR.KZ.
Фото: KAZ.NUR.KZ.: Original

Кейбір келген жандар көз жасын жасырған жоқ: Денис Теннің өлімі-барлық қазақстандықтар үшін үлкен қайғы.

Фото: KAZ.NUR.KZ.
Фото: KAZ.NUR.KZ.: Original

Алматылық тұрғындар оны жеке білмегенін, бірақ спортшының еңбекқорлығы мен таланты оларды әрдайым шабыттандырғанын айтып өтті.

Фото: KAZ.NUR.KZ.
Фото: KAZ.NUR.KZ.: Original
"Ол өмірден ерте озбауы керек ұлы адам болатын. Денис жарық жұлдыз еді, ал енді бір жыл өткен соң оны тек еске ала аламыз.
Оның өлімі осындай қылмыстық еркіндікке жол берген барлық құқық қорғау органдары үшін сабақ болуға тиіс. Сөз жоқ", - дейді алматылық Наталья.
Фото: KAZ.NUR.KZ.
Фото: KAZ.NUR.KZ.: Original

Конькимен жүгіру спорты федерациясының төрағасы Болат Жәмішев мәнерлеп сырғанаушы туралы естелік ретінде өтетін барлық іс-шаралар оның туған-туыстары үшін ғана емес, сондай-ақ барлық жас ұрпақ үшін де маңызды екенін атап өтті.

"Біздің федерация осы күзде мәнерлеп сырғанау бойынша халықаралық турнир өткізуді жоспарлап отыр. Тағы бір мақсат - Денис Тен атындағы мәнерлеп сырғанау академиясын ашу.
Оның өлімі барлығының қабырғасын қайыстырды. Біз мұны көріп тұрмыз: ескерткіштің жанында әрдайым гүл шоқтары жатып, шамдар сөнбейді. Барлығымыз адамның жаны жоғарыдан көріп, бәрін сезеді деп сенеміз. Денис қазір де бізді қадағалайды деп үміттенемін", - деді Болат Жәмішев.
Фото: KAZ.NUR.KZ.
Фото: KAZ.NUR.KZ.: Original

Алматылықтар Денис Теннің қазақстандық жастар үшін жарқын жұлдыз екенін айтады. Ол тек ұлы спортшы ғана емес, қылмысқа қарсы баруға қорықпаған, ержүрек адам.

"Ол әрқашан өзі үшін жаңа шыңдарды анықтап, оларды үнемі жетістікпен бағындыратын. 2011 жылы ол Жапониядағы жер сілкінісінен зардап шеккендерге көмектесті.
Бүгін Жапонияның жетекші мәнерлеп сырғанаушылары Алматыға Денисты еске алу үшін келді. Бір жылдан кейін біз оның талантының ауқымын одан әрі түсіндік. Ол тек танымал мәнерлеп сырғанаушы ғана емес, сонымен қатар авторлық мұз шоуының құрастырушысы және продюсері.
Оның сценарийі бойынша фильм түсірілді. Ол әрдайым қайырымдылықпен айналысты. Оның өмірден ерте кетуі – барлық қазақстандықтар үшін ауыр соққы болды", - деп атап өтті Алматы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров.
Фото: KAZ.NUR.KZ.
Фото: KAZ.NUR.KZ.: Original

Фото: KAZ.NUR.KZ.
Фото: KAZ.NUR.KZ.: Original

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1806078-rdajym-gl-soktary-trady-almatyda-denis-tendi-eske-aldy/

pixel