RU

ІІМ танымал отандық дәрігердің ісіне қатысты пікір білдірді

ІІМ адам ағзасын заңсыз иемденушілерді тергеуде. Қылмыстық іс ІІМ тергеу департаментінің өндірісінде, ол істі тергеу үшін ведомствоаралық жедел тергеу тобы құрылды.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: Original

Тергеу барысында ағзаны заңсыз трансплантациялауға трансплантолог Г.М. Құттымұратовтың қатысы бары анықталды.

Ағымдағы жылғы мамыр айында ол қылмыс жасады деген күдікпен ұсталды. Оның әрекеті ҚР ҚК-нің 116-бабы, 3-бөлімі (екі немесе одан да көп адамға қатысты адам терісі мен органдарын заңсыз жолмен алу немесе алуға мәжбүрлеу) , 264-бабы, 2-бөлімімен (трансұлттық ұйымдасқан топқа немесе трансұлттық ұйымға қатысу) бағаланды.

Тергеуші судья күзетпен ұстау бұлтартпау шарасын қабылдады.

Қазақстан Республикасы ҚПК-нің 201-бабының талабына сәйкес, сотқа дейінгі тергеу мүддесіне сай алдын ала тергеу барысы мен қорытындысы жариялауға жатпайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1806093-iim-tanymal-otandyk-drigerdi-isine-katysty-pikir-bildirdi.html