RU
Cағынтаев ұшақпен Іле-Алатау паркін аралап шықты (фото)

Cағынтаев ұшақпен Іле-Алатау паркін аралап шықты (фото)

Рассказать Вконтакте

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев ұшақпен Іле-Алатау паркін аралап шықты. Шаһар басшысы сел қаупінің автоматтандырылған мониторинг бағдарламасы қалай іске асып жатқанын тексерді. Бұл туралы оңтүстік астана әкімі өзінің Instagram жазды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Әкім біздің табиғатқа тәнті болғанын айтты.

" Табиғаттың әдемілігінде шек жоқ. Құстың ұшар биіктігінен Алматы мүлдем басқаша көрінеді", - деді ол.

Сағынтаев Алматыда орналасқан ең әдемі өзендер аса қауіпті екенін жеткізді.

" Алматының маңайында 36 мұздақ көл орналасқан. Олардың әрқайсысында сел қаупі бар. Сондықтан қол қусырып, қарап отыруға тағы болмайды" , - деп жазды әкім.

Оған қоса, шаһар басшысы Қарғалы мен Ақсай, Кіші және Үлкен Алматы өзендерінің бассейндеріндегі сел қатерін азайту мақсатында жеті өзенді судан босату жұмыстары жүргізіліп жатқанын хабарлады. Сағынтаев Кіші және Үлкен Алматы, Қарғалы мен Ақсай өзендері бассейндеріндегі сел қаупінің автоматтандырылған мониторингі бағдарламасының іске асырылуын қарап шыққан.

Алматы әкімі биыл сел ошақтарын, өзен арналары мен мореналық алық көлдерді, бөгеттер мен су қоймаларын бағдарламалық жүйемен қамтамасыз ететін 10 станса бой көтеретінін мәлімдеді.

Сонымен қатар, Ақсай және Аюсай шатқалдарында селден қорғау бөгеттерін салу жобасы жүзеге асырылуда.

"Мақсатымыз — қаланы селден қорғау" , - деді Сағынтаев.

Сіздің реакцияңыз
1
2
0
1
1
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel