Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Өзенге батырды": Қостанай облысында жоғалған жігіттің өлімі әшкереленді

Опубликовано:

Қостанай облысының полицейлері Рудный қаласының 28 жастағы тұрғынының өлімін әшкереледі деп хабарлайды Zakon.kz-ке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: alau.kz, pixabay.com
Фото: alau.kz, pixabay.com: UGC

Облыстық ІІД ақпараты бойынша, 8 маусым күні анасы ұлының жоғалып кеткенін айтып, тәртіп сақшыларына жүгінген арызданған. Әйел адам оның қай жерде жүргенін бірнеше күннен бері білмейтінін хабарлады.

Өткізілген іс-шаралар барысында қызметкерлер 20 және 29 жастағы Рудный қаласының екі тұрғынын ұстады. Олардың бірі жасырынып қалу мақсатында облыстан тыс жерде кетіп бара жатқан.

Хабарламада айтылғандай, екеуі де әртүрлі, сондай-ақ ауыр қылмыстар үшін бұрын сотталған.

Күдіктілер жоғалған жас жігітті өлтіргендерін мойындады. Олардың сөзінше, марқұм мен олардың арасында түсініспеушілік пайда болған. Нәтижесінде, ер адамдар жігітті өлтіріп, денесін Рудныйдан 200 км қашықтықта орналасқан өзенге батырып жіберген.

16 шілдеде Ұзынкөл ауданының Алабұға өзенінде жоғалып кеткен адамның мәйіті табылды. Марқұмның денесінен зорлықпен өлтірілген белгілер болды. Сонымен қатар, мәйітітң су бетіне жүзіп шықпауы үшін оған 100 келі жүк - рөлдік қалып пен су құйылған канистрлер байланған.

Күдіктілердің талпынысына қарамастан, полиция қызметкерлері болған оқиғаны толықтай әшкереледі.

Қазір ұсталған азаматтар қамауға алынды. Тергеу амалдары жүргізілуде.

Alau.kz-тың хабарлауынша, марқұмның есімі Дмитрий Плесканя. Ол үйден 3 маусымда шығып, із-түзсіз жоғалып кетті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1806174-zenge-batyrdy-kostanaj-obylysynda-zogalgan-zigitti-limi-skerelendi/

pixel