RU

Тойда лимузиннің орнына жигули жалдаған күйеу жігіт желідегілердің көңілін көтерді

Әлеуметтік желіде қалыңдығына қымбат кортеждің орнына жигулимен келген күйеу жігіттің видеосы тарап кетті. Аталған бейнежазбадағы ер азаматтың әрекеті желідегілердің езуін тарттырды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: Видеодан кадр
Фото: Видеодан кадр: UGC

Видео Instagram-дағы dance_dag парақшасынан алынды.

Бейнежазбада ақ көйлек киген қалыңдық күйеу жігіт жалдаған көк түсті жигули көлігіне мініп жатты.

Желідегілер үнемшіл жігіттің тапқырлығына риза болып, жазба астында түрлі пікірлер қалдырды.

"Мен сүйіктіме тойсыз да тұрмысқа шығамын", "Қиялы мықты болғанымен, қалтасы әлсіз секілді", "Шығынсыз-ақ дұрыс жолды көрсетті, жарайсың. Бақытты болыңдар", "Есесіне несиесіз той жасайды", "Қарапайымдылық жуырда сәнге айналады", "Жарады жігіт", - деп жазды олар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1806183-tojda-limuzinni-ornyna-ziguli-zaldagan-kjeu-zigit-zelidegilerdi-kilin-kterdi.html