RU

Қостанай облысында мас күйінде көлік жүргізген әкім жазаланды

Этика жөніндегі кеңес мас күйінде көлік айдаған Федоров ауданы Новошумное ауылының әкімі Болат Бақытжановтың іс-әрекетін қарады деп жазады "Наша газета"-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: ng.kz, politeka.net
Фото: ng.kz, politeka.net: UGC

Басылымның мәліметінше, алдымен мемлекеттік қызметкерге көлік қозғалысы кезінде ұялы телефонды қолданғаны үшін айыппұл салынды.

Ал биылғы жылдың наурыз айында Болат Бақытжановты Федоров селосынан шыға берісте тоқтатты. Ауылдық басшының рөлге сау күйінде отырмағаны анықталды. Ол өз кінәсін мойындады.

Әкімшілік сот шенеунікті 3 жылға көлік айдау құқығынан айырды.

Әкім досын туған күнімен құттықтап, 2 бөтелке сыра ішкенін түсіндірді. Алайда оған анасы қоңырау шалып, әкесінің денсаулығына байланысты мәселелер туындағанын хабарлапты. Сондықтан ол ата-анасына Затобольске жол жүріп кеткен.

Нәтижесінде, Бақытжановқа қатаң сөгіс жариялау ұсынылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1806189-kostanaj-oblysynda-mas-kjinde-klik-zrgizgen-kim-zazalandy.html