RU
Қыркүйектегі жекпе-жекте Головкинмен жұдырықтасуы мүмкін үмірткерлер есімі аталды
Жаңалықтар Қоғам

Қыркүйектегі жекпе-жекте Головкинмен жұдырықтасуы мүмкін үмірткерлер есімі аталды

Рассказать Вконтакте

DAZN стримингтік сервисі қыркүйекте қазақстандық Геннадий Головкинмен жекпе-жекке шығатын үш негізгі үміткерді атады деп хабарлайды Sports.kz-ке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

GGG-ге қарсылас бола алатын басты үміткер - украиналық Сергей Деревянченко. Олар қазір Альвареске тиесілі IBF әлем чемпионы атағы үшін жұдырықтасуы мүмкін.

Мексикалық боксшы міндетті қорғауды жүргізуді жоспарламағандықтан, IBF оны титулынан айыруы мүмкін.

Головкиннің тағы бір қарсыласы мексикалық Хайме Мунгия болуы мүмкін. Қазіргі уақытта ол бірінші орта салмақта WBO әлем чемпионы.

Компания қазақстандықпен кездесуге дайын екенін айтқан орта санаттағы WBA (Regular) белбеуін жақында жеңіп алған жапондық боксшы Риота Мураттың кандидатурасын да қарастырып отыр.

Айта кетейік, Головкин 14 қыркүйек күні рингке оралады.

Сіздің реакцияңыз
0
2
4
0
0
3
4
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel