RU
Нұр-Сұлтанда құдыққа құлап көз жұмған жасөспірімнің анасы мән-жайды баяндады
Жаңалықтар Қоғам

Нұр-Сұлтанда құдыққа құлап көз жұмған жасөспірімнің анасы мән-жайды баяндады

Рассказать Вконтакте

Нұр-Сұлтанда ақпан айында болған қайғылы оқиға көптің қабырғасын қайыстырды. Бағдәулет есімді 13 жастағы жасөспірім үйден шығып, із-түзсіз жоғалып кетті. Ал үш тәулік өткеннен кейін оның денесі құдықтан табылды. Марқұмның анасы жарты жылдық үнсіздікті бұзып, мән-жайды баяндап берді деп хабарлайды "Астана" арнасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: Видеодан кадр

Фото: Видеодан кадр

Жасөспірімнің анасы Перизат Шенекбаева ұлымен болған қайғылы оқиға туралы айтып берді.

Оның айтуынша, Бағдаулет құдыққа құлағаннан кейін бір тәуліктен артық тірі болған. Ол ылғалды әрі қараңғы кеңістікте отырған, алайда оған көмекке келер ешкім болмады.

Жасөспірім жарақаттан емес, үсік шалғаннан және асфиксия салдарынан көз жұмды. Бұл сараптама арқылы анықталды.

"Сараптама нәтижелері оның шеншініп, жоғарыға көтерілуге, өрмелеуге тырысқанын көрсетті. Сүйектер сынығы анықталған жоқ. Ол жай ғана күрескен. Ол аман қалғысы, сол жерден шыққысы келді", - деп ағынан жарылды анасы.

Перизат отбасына психолог көмегі қажет болғанын айтады. Олар болған оқиғаға өздерін кінәлаған.

Бала қайтыс болған сәттен жарты жыл өтті, бірақ іс сотқа әлі жеткен жоқ. Құдық "Астана Су Арнасы" балансында. Осы кәсіпорында жақында төрт жұмысшы қайтыс болды.

Отбасы қорғаушысының сөзінше, екі істі біріктіру ұйғарылды.

Жасөспірімнің жақындарына құдықты көріп тұру қиынға соқты. Сол себепті Перизат отбасымен қаланың басқа ауданына көшіп кетті.

"Мен үйден шықсам, алдымда құдық тұрады. Мен әрдайым ұлымды сол жерде әлі күнге дейін жатыр деп ойлай беремін. Мен оны құтқара алатындаймын", - дейді баланың анасы.

Әйел адам ұлын бұдан былай көрмейтінін біле тұра, одан әрі өмір сүруге тырысады.

Бағдәулеттің жоғалғаны туралы еріктілер 17 ақпанда хабарлады, 20 ақпанда оның жансыз денесі құдықтан табылды.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel