RU

Алматыда орталық көшелер үш күнге жабылады

Оңтүстік астананың кейбір көшелері жолдарды жөндеу жұмыстарына байланысты 20, 21 және 22 шілдеде жабылады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: KAZ.NUR.KZ.
Фото: KAZ.NUR.KZ.: UGC

Қала жолдарын жөндеумен айналысатын мердігер компанияның хабарлауынша, мынадай учаскелер жабылады:

  • Абылай хан даңғылы, Мақатаев көшесінен Маметова көшесіне дейінгі учаске, 20 шілде 22: 00-ден бастап 21 шілде 06:00-ге дейн;
  • Абылай хан даңғылы, Қабанбай батыр көшесінен Гоголь көшесіне дейінгі учаске, 20 шілде 22: 00-ден бастап 21 кілде 06:00-ге дейін;
  • Жамбыл көшесі, Гагарин даңғылынан Жароков көшесіне дейінгі учаске, 20 шілде 22: 00-ден бастап 21 шілде 06:00-ге дейін;
  • Жамбыл көшесі, Жароков көшесінен Әуезов көшесіне, 21 шілде 22: 00-ден 22 шілде 06:00-ге дейін;

Компания алматылықтар мен оңтүстік астананың қонақтарынан алдын ала маршруттарды жоспарлауды сұрады.

Фото: "Алматы жолдары"
Фото: "Алматы жолдары": UGC

Фото: "Алматы жолдары"
Фото: "Алматы жолдары": UGC

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1806204-almatyda-ortalyk-kseler-s-knge-zabylady.html