RU

Қорғаныс министрлігі: граната жарылысынан екі адам зардап шекті

ҚР Қорғаныс министрлігінде Маңғыстау облысындағы оқу-жаттығу кезінде граната жарылысынан зардап шеккен екі адам туралы хабарланды деп жазады ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: 3mv.ru
Көрнекі фото: 3mv.ru: UGC
"99116 әскери бөлімінің мерзімді қызметтегі әскерилері Әмиянов пен Жаманбаев оқу полигонында гранатаның үзілуінен жарақат алды. Құзыретті органдар тергеу жүргізілуде. Оқиға орнында әскери-құқық қорғау органдарының қызметкерлерінен тұратын жедел-тергеу тобы жұмыс істейді.
Оқиғаның мән-жайы анықталуда. Алдын ала болжам бойынша, әскери қызметкелер қауіпсіздік шараларын бұзуы салдарынан жарақат алған", - деді ҚР ҚМ ақпарат және коммуникация департаментінің басшысы Данияр Әлжанов.

Оның мәліметінше, қорғаныс министрлігі басшысының тапсырмасы бойынша 21 шілдеде Сергей Кошелевті Нұр-Сұлтанға әскери бортпен тасымалдау жоспарлануда.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін ауыр жарақатпен ауруханаға жеткізілген бір адам туралы хабарланған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1806214-korganys-ministrligi-granata-zarylysynan-eki-adam-zardap-sekti.html