RU

БҒМ Шымкенттегі оқу орнынан табылған есірткі ордасына қатысты пікір білдірді

Білім және ғылым министрлігі Шымкент қаласындағы университеттердің бірінің спорт кешенінде есірткі ордасы анықталғандығы жайлы БАҚ беттерінде тараған ақпаратқа қатысты пікір білдірді. Бұл туралы министрдің кеңесшісі Ерболат Мұхамеджанның Ғacebook парақшасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Жедел түсірілмнен кадр КТК арнасындағы видеодан алынды
Жедел түсірілмнен кадр КТК арнасындағы видеодан алынды: UGC

Министрліктің мәліметінше, бұл жеке меншік жоғары оқу орны және оқу орнында мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылмаған екен.

Ведомство қазіргі уақытта орын алған оқиғаның мән-жайын анықтауға бағытталған барлық қажетті жедел-тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатқанын атап өтті.

"Атап айтқанда, ҚР ҚК-нің "Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді тұтыну үшін притондар ұйымдастыру немесе ұстау, сол сияқты дәл сол мақсаттар үшін үй-жайлар беру" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде", - дейді Білім және ғылым министрінің кеңесшісі Ерболат Мұхамеджан.

Еске сала кетейік, бұған дейін Шымкенттегі университеттің бірінің спорт залында есірткі притонының жұмысы әшкере болғаны хабарланған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1806228-bgm-symkenttegi-oku-ornynan-tabylgan-esirtki-ordasyna-katysty-pikir-bildirdi.html