RU
"Абу-Даби Плаза" жұмысшыларының арасында жанжал шықты
Жаңалықтар Қоғам

"Абу-Даби Плаза" жұмысшыларының арасында жанжал шықты

Рассказать Вконтакте

20 шілде күні түстен кейін "Абу-Даби Плазада" қазақстандық және шетелдік жұмысшылар арасында жанжал туындаған. Бұған себеп бойжеткенге жіберілген sms- хабарлама деп жазады Нұр-Сұлтандық Полиция дептартаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Абу-Даби Плаза. Фото astana.gov.kz сайтынан алынды

Абу-Даби Плаза. Фото astana.gov.kz сайтынан алынды

Ведомствоның мәліметінше, кезекші бөліміге 15:06-да қоңырау келіп түскен.

Онда Ақмешіт – Сығанақ көшелірінің қиылысындағы салынып жатқан "Sheraton Hotel Astana" қонақ үйінің маңында жұмыс аусымынан шығып бара жатқанда қазақстандықтар мен шетелдіктер арасында ауызша жанжал туындағыны айтылған.

Ведомствоның атап өтуінше, жанжалға "Абу – Даби Плаза" құрылыс алаңында жұмыс істейтін қыздардың бірінің өзіне шетелдік жұмысшыдан келген СМС хабарлама бойынша досына жүгінуі себеп болған.

Оқиға орнына бірден полиция қызметкерлері жетіп, жұмысшылар үйлеріне тарқасқан.

Қазіргі таңда барлық қатысушылар анықталған. Аталмыш факті бойынша тәртіп сақшылары тексеру жұмыстарын жүргізуде.

Сонымен қатар полиция департаменті желіде таралып жатқан түрлі хабарламаларға сенбеуге шақырып, жалған ақпарат таратқандар қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын ескертті.

Сіздің реакцияңыз
13
1
0
0
1
1
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel