RU
Сағынтаев: Денистің өзі бізбен бірге жүргендей сезімде болдық (видео)

Сағынтаев: Денистің өзі бізбен бірге жүргендей сезімде болдық (видео)

Рассказать Вконтакте

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев марқұм мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің рухына арналған шоу арнайы барып, алған әсерімен бөлісті. Бұл туралы оңтүстік астананың басшысы Instagaram-дағы парақшасында жазды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

20 шілдеде Almaty Arena-да ұлы спортшы еске алуға арналған "Денистің достары" атты мұз-шоуы болып, өтті. Бұл кеште әлемнің түкпір-түкпірінен келген мәнерлеп сырғанаудың жұлдыздары өнерлерін ортаға салып, Дениске деген құрметін көрсетті.

Шоуға қала әкімі Бақытжан Сағынтаев та барған.

"Бүкіл зал бір толқында болды. Бұл кеште Денистің өзі бізбен бірге жүргендей сезімде болдық. Денис ұмытылмайды. Біздің есімізде мәңгі қалады!", - дейді Алматы әкімі.

Сіздің реакцияңыз
4
0
1
4
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel