Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда ерекше той кортежі жұртты өзіне қаратты

Опубликовано:

Алматыда куәгерлер ерекше той кортежін видеоға түсіріп алған. Бейнежазбадан жас жұбайлардың қала ішінде электр самокатпен жүргенін байқауға болады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Кадр видеодан алынды
Кадр видеодан алынды: Twitter

Қызықты ролик Instagram kris.p.almaty қоғамдастығының парақшасында жарияланған.

Кадрдан жас жұбайлар мен қонақтардың қала көшелерінің бірінде электр самокатпен кетіп бара жатқаны байқалады.

Ал ерекеше той кортежін өтіп бара жатқан куәгерлер түсіріп алған.

Өз кезегінде аталмыш видео желіде қызу талқыға түсіп, желі қолданушылары түрлі пікірін жаудырды.

"Жарайсыңдар", "Есесіне кредитке емес", "Креативті әрі бюджеттік. Қоршаған ортаны ластамайды, Алматы жолдарында кептеліс тудырмайды. Бір сөзбен айтқанда жарады", "Бастысы автобус жүргізушілерімен шекісіп қалмаса болды, ал негізінде жас жұбайларға бақыт тілейміз", - деп жазуда көпшілік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1806249-almatyda-erekse-toj-kortezi-eldi-zine-karatty/

pixel