RU
Бурабайда Тараздан жарысқа келген 17 жастағы бозбала көз жұмды

Бурабайда Тараздан жарысқа келген 17 жастағы бозбала көз жұмды

Рассказать Вконтакте

Ақмола облысында "Жас құтқарушы" халықаралық жарысына қатысуға келген жас жігіт суға батып кетті деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Фото: kokshetau.online

Фото: kokshetau.online

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, оқиға 19 шілде күні болған. 16:20-де Бурабай ауданындағы Үлкен Чебачье көлінде жасөспірімнің суға кеткені жөнінде хабар келіп түскен.

Мәйіт бірден Көкшетау қаласына сот-медициналық сараптамаға жіберілген.

"20 шілдеде сараптама жасатып, құжаттарды рәсімдегеннен кейін Нұр-Сұлтан қаласына жеткізілді. Сол жерден "Эйр Астананың" КС 341 ұшағымен Шымкент қаласына жөнелтуге тиіс болатын. Алайда, рейс белгісіз себеппен екі рет кейінге қалдырылды. Бүгін таңертең марқұмның денесін Шымкентке жеткізіп, туыстарының қолына беру үшін әрі қарай Таразға алып кетті", - деп мәлім етті облыстық ТЖД.

Ведомствода атап өткендей, қайғылы оқиға "Жас құтқарушы" халықаралық жарысы аяқталғаннан кейін болған.

"Тараздық команда 19 шілде кешкі 22:30-да пойызға мініп, жолға аттануға тиіс болатын. Сондықтан сапар алдында қатысушылар Бурабай курортын аралауға шыққан. Балалардың жанында жаттықтырушы мен команда өкілі болған", - деп қосып өтті ведомстводан.

Сіздің реакцияңыз
2
1
0
15
2
3
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel