RU
Тоқаев президенттікке қатысты өз пікірін білдірді
Жаңалықтар Саясат және экономика

Тоқаев президенттікке қатысты өз пікірін білдірді

Рассказать Вконтакте

Мемлекет басшысы өз қызметін қалай қабылдайтыны жайлы айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Тоқаевтың сөзінше, тағайындаудан кейінгі алғашқы күндер ол үшін үйреншікті емес болған.

"Әсіресе, көпшілік іс-шараларда барлығы "Президент, президент" дейтін. Сол кезде мен Нұрсұлтан Әбішұлы келді ме деп ойлап қалатынмын.

Бірақ, білесіздер ме, бәрі уақыт еншісінде. Жақсы нәрсеге тез үйренесің",- деді Қазақстан президенті.

Ол президентің жүгі ауыр екенін, алайда бұл қызметте құрметті сипат барын алға тартты.

"Адамдар әр күні президент бола бермейді ғой. Оның үстіне, біздің жағдайымызда, қазір айтылатындай, билік транзиті режимінде",- деді Тоқаев.
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
10
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel