RU

"Димашпен мақтанамын, Скриптонитті түсінуге тырысамын": Тоқаев заманауи музыка жайлы айтты

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "31 арнада" көрсетілген сұхбатында заманауи қазақстандық орындаушыларға, оның ішінде тек отанымызда емес, шет мемлекетте танылған рэпер Скриптонит пен Димаш Құдайбергенге қатысты пікір білдірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: turantimes.kz
Фото: turantimes.kz: Facebook

Мемлекет басшысы бірнеше рет рэп-орындаушының шығармашылығын түсінуге тырысқанын айтты.

"Мен оны бірнеше рет тыңдадым. Бірақ, оның түңғиығына батып, түсініп кеттім деп айта алмаймын. Бірақ, бұл бағытта бір нәрсе істеуге тырысамын деп уәде беремін", -деді ол.

Сонымен қатар, Тоқаев Димаш Құдайбергенді мемлекет мақтанышы деп есептейтінін жеткізді.

"Біз Димашпен мақтанамыз. Ол Қытай мен Ресей халқын бағындырды. Кремль сарайында бірнеше концерт берді", -деді президент.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1806321-dimaspen-maktanamyn-skriptonitti-tsinuge-tyrysamyn-tokaev-zamanaui-muzyka-zajly-ajtty.html