Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев: Мен өзімді өзгертпеймін

Опубликовано:

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзін тағайындау туралы шешімнің қалай қабылданғанын айтып берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: Ақорда
Фото: Ақорда: UGC
"Несін жасырамын. Мен бірінші рет бас тартқаным жоқ, бірақ қобалжыдым. Бұл туралы әңгіме бір жыл ғана созылған жоқ. Мен өзімнің мүмкіндіктерімді бағаладым. Жер көлемі бойынша әлемде тоғызыншы орында тұрған елді басқару қиын екенін білдім", - деді ол.

Сонымен қатар, Тоқаев өзіне шапшаңдық жетіспейді деп сынайтындар бар екенін жасырмады.

"Олар мені пиджактағы адам деп атайды. Бірақ мен өзімді өзгертпеймін. Мені осы күйінде қабылдаңыздар. 1985 жылдан бастап мемлекеттік қызметте жұмыс істеудемін. Әрине мен әрқашан пиджак киемін", - деді Тоқаев.

Өз кезегінде мемлекет басшысы отандық киімдерді киетінін де айтты. Ал сұхбатқа келген сәтінде ол Алматыда тігілген галстук тағып отырды.

"Қазір отандық өндірушілердің галстугін тағып жүрмін. Қазақстанда осындай сапалы өнім шығаруды үйренді. Осы орайда өте сапалы галстуктер тігіп, сататын фирма бар. Дәл қазір тағып жүрген галстук Алматыда тігілген. Біз үшін отандық тауар өндірушілерге қолдау көрсеткен маңызды", - деді Тоқаев..

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1806325-tokaev-men-zimdi-zgertpejmin/

pixel