Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев: Жемқорларды стадионда жаппай атқанын көрдім

Опубликовано:

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қытайда жемқорларды қалай атқанын айтып, жазалаудың мұндай түріне қатысты өз ойын білдірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: facebook.com/Берік Уәли
Фото: facebook.com/Берік Уәли: Facebook

"31" арнаның эфирінде "Президент 2.0" атты деректі фильм шықты.

Қасым-Жомарт Тоқаев 1988 жылы Қытайда жемқорлардың қалай жазаланғанын есіне алды. Мемлекет басшысы оларды жазалау сәтін өз көзімен көрген.

"Оларды стадионда жаппай атып жатты. Көздерін байлап әкеліп, әрқайсысының желкесіне оқ атты.
Мұның бәріне қарап тұрудың өзі бір түрлі болды. Бірақ мен сынамаймын. Бұл мемлекеттің тарихи мәдени дәстүрі" , - деді Тоқаев.

Оған қоса, ол өзінің Мәскеуде оқыған кезінде "алтын жастар" түсінігі болмағанын айтты.

"Иә, елшілер, генералдар мен академиктердің балалары оқитын. Бірақ, олар өздерін біз сияқты ұстайтын. Әрине, олар астананың орталығында тұрып, жабық секциялардан киінді. Шетелге көп шығатын.
Сенбіліктерде Нью-Йоркте оқыған жастардың әңгімелерін қызықтап тұрып тыңдайтынмын" , - деп жастық шағын есіне алды мемлекет басшысы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1806328-tokaev-zemkorlardy-stadionda-zappaj-atkanyn-krdim/

pixel