RU
Джеки Чанның концертінде ән салған Димаштың видеосы шықты

Джеки Чанның концертінде ән салған Димаштың видеосы шықты

Рассказать Вконтакте

Отандық тума талант Димаш Құдайберген әлемге әйгілі актер Джеки Чанның концертінде өнер көрсетті. Желіде ғажайып дауыс иесінің ән салып жатқан сәтінен үзінді жарияланған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Джеки Чанның концертіндегі өнер көрсетуін Instagram желісіне Димаштың өзі жүктеген. Ол өзінің ерекше даусымен әлем халқын тағы бір мәрте таңдай қақтырған.

Бейнежазбаны көрген желі қолданушылары да отандық әншіге тәнті болғанын жасырмады. Олар дүние жүзіне Қазақстанды танытып жүрген жұлдызға қатысты мақтау сөздерін жаудырған.

"Димаш сен кереметсің. Жасай бер, шаба бер! Тек қана алға" , "Димаш бұл жерде сондай әдемісің. Есейіп кетіпсің" , "Саған мұндай шаш үлгісі жарасады екен" , " Шапшы бауырым" , "Нағыз тума талант" , "Тамаша өнер көрсету" , "Өтінемін АҚШ-қа келіңізші" , "Бәрі ойдағыдай болды. Керемет" , "Ерекшесің" , - деп жазуда көпшілік.

Сіздің реакцияңыз
1
0
0
0
2
32
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel