RU
Айдар Тұрғанбек қызы мен әйелін перзентханадан шығарып алды
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Айдар Тұрғанбек қызы мен әйелін перзентханадан шығарып алды

Рассказать Вконтакте

Осыдан бірнеше күн бұрын қызды болған Айдар Тұрғанбек жаңа туған нәресте мен әйелін перзентханадан шығарып алды деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Әнші өзінің қуанышты жаңалығымен Instagram парақшасында бөліскен.

"Сіздерге де осындай бақыт бұйырсын. Перзентханадан қазір алып шықтық, Аллаға шүкір! Әйелім фотоға түсуді мүлдем ұнатпайды. Сондықтан түсірмедім", - деген өнер иесі анасы мен сәбиінің ортасында түскен суретін жариялады.

Желі қолданушылары Айдар Тұрғанбектің отбасына бар жақсылықты тілеп, ақ тілектерін жолдады.

"Бауы берік болсын", "Бақытты болыңыздар", "Балаларыңыздың қызығын көріңіздер", "Ұрпағыңмен өсіп-өне бер" деп жазды олар.

Естеріңізге сала кетейік, Айдар Тұрғанбек өзінің туған күнінде қызының өмірге келгенін айтып, жұрттан сүйінші сұраған болатын.

Сіздің реакцияңыз
1
0
0
1
0
6
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel