RU
"Жігітіңіз бе": Белгісіз азаматпен суретке түскен Меруерт Түсіпбаева қызу талқыға түсті (видео)

"Жігітіңіз бе": Белгісіз азаматпен суретке түскен Меруерт Түсіпбаева қызу талқыға түсті (видео)

Рассказать Вконтакте

Меруерт Түсіпбаева желіде белгісіз азаматпен түскен суретін жариялап, көпшілікті қызықтырып қойды. Желі қолданушылары отандық әншінің қасындағы ер адамды оның сүйіктісі деп болжап, оларға ақ тілегін жаудырған. Әнші тіпті өзіне бақыт тілеген кейбір оқырмандарына жауап беріп те үлгерген деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Ел арасында қызу талқыға түскен фото әншінің Instagram парақшасында жарияланды. Онда эстрада жұлдызы бейтаныс азаматқа тамақ ұсынып тұрғанын байқауға болады. Түсіпбаеваның суреттің астына қалдырған жазбасы да көпті қызықтырып қойды.

"Алдымен өзіңе, сосын өмірге ғашық бол. Тек содан кейін ғана қалаған адамыңды сүй" , -деген жазған ол.

Желідегілердің басым көпшілігі бірауыздан фотодағы ер адам отандық әншінің ғашығы деген болжам жасады. Олар танымал әртістің жеке өмірінде өзгеріс орын алғанына қуанып, оған деген ақ тілектерін аямаған.

"Бақытты болыңыз" , "Бақыт тілеймін. Сіздің парақшаңызда осындай суреттің пайда болғанына шын жүректен қуанып тұрмын. Әйел бақыты бұйырсын" , "Дұрыс болды. Бақытты болыңыз. Елдер неше мәрте күйеге шығып үлгерді. Сіз әлі жүрсіз" , "Бұл мен ойлап тұрғаным болар деген ойдамын. Әйтпесе, келіп өзім тұрмысқа берем сізді" , "Қандай сүйкімді жұп, бақытты болыңыздар" , "Қасыңыздағы жігітіңіз ба?" , "Сүйіктісін көрсетті-ау" , - деп жазуда көпшілік.

Айта кетерлігі, Меруерт Түсіпбаева өзіне бақыт тілеген кейбір оқырмандарына бақытты болуға "тырысатынын" жеткізген.

Сіздің реакцияңыз
11
2
1
2
1
10
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel