RU
Танымал композитор Өнербаевтың "Шәмшінің" концертін өткізбеуге әрекет жасағанын жайып салды

Танымал композитор Өнербаевтың "Шәмшінің концертін өткізбеуге әрекет жасағанын жайып салды

Рассказать Вконтакте

Шәмшітанушы Қалдыбек Құрманәлі композитордың ән кешін өткізуге кезінде Нұрлан Өнербаевтың кедергі келтіргенін ашып айтты. "Қамшы сұхбат" бағдарламасына келген отандық композитор Қалдаяқовтың әндерін радиоға өткізе алмаған күндерін еске алды деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Қалдыбек Құрманәлі, Нұрлан Өнербаев. Фото: "Қамшы сұхбат", "Қазақ үні". Коллаж: KAZ.NUR.KZ.

Қалдыбек Құрманәлі, Нұрлан Өнербаев. Фото: "Қамшы сұхбат", "Қазақ үні". Коллаж: KAZ.NUR.KZ.

Қалдыбек Құрманәліден бағдарлама жүргізушісі Ирина Советжанқызы: "Шәмші Қалдаяқовтың кешіне өзім сахнаға сүйреген әншілерді шақырып, олар қаламақы сұрады" депсіз. Әңгіме кімдер жайлы?", - деп сұрады.

Ал композитор өнердегі танымал адамдардың түсінбеушілік үшін Шәмші Қалдаяқовтың кешіне кедергі келтіргенін мәлім етті.

"Әншілердің көбісі Шәмшінің ән кешіне қатыспаса, бағы жанбай қалатындай асығатын. Бұл әншілерге кеш халыққа танылып алу үшін ғана керек болған. Кезінде бір белгілі азамат болды. Өзі әнші. Екеуміздің арамызда түсініспеушілік болғанда, ол әншілерге хабарласып "Бармаңдар. Ертең республика сарайындағы Шәмшінің кешіне бармай қалыңдар" деген.
Сонда ойлайды ғой, концертке бармай қалса, кеш өтпей қалады деп.... Ол Шәмшіге қиянат жасап жатқанын тсүінбейді ғой. Ол адам - Нұрлан Өнербаев. Кезінде қазақ радиосының бас директоры болып тұрды. Мұның бәрі түсінбестік. Бұл кезде екі танымал адамды бірін-біріне айдап салу арқылы ләззат алатын үшінші адамдар тобы бар екен.
Сол директор болып отырғанда, Шәмшінің әндерін радиоға апардым. Жаңа ғана аранжировка жасатып, ақшасын төлеп алып бардым. Солай апарғанда қабылдамады. Өзі "Сағат 9-да кел" деп шақырған. Сол күні 9-дан кешке дейін қабылдамай қойды", - дейді Қалдыбек Құрманәлі.

Сондай-ақ композитор Шәмші Қалдаяқовтың кешіне құлағына сырға тағып, шашын бояғандарды шақырмайтынын жеткізді.

"Шәмшінің әнін орындайтын әншілер жетеді. Менен кейін өткізетіндер сырға салып, шашын бояғандарды шақыра беретін шығар. Мен шақырсам, Шәмшінің әндерін өлердей жақсы көретіндердің наласына қалудан қорқамын. Шәмші Қалдаяқовтың өзі тірі болса, ол да қарсы болар еді деп ойлаймын.
Астанадан келетін әншілердің жолақысын төлейміз. Сол сияқты Алматыдан Астанаға баратындардың да жатын орны мен жолақысын береміз", - дейді Қалдыбек Құрманәлі.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Қалдыбек Құрманәлі Кәмшат Жолдыбаеваның шулы бейнебаянына қатысты пікір білдірген еді.

Сонымен қатар шәмшітанушы өнер әлеміндегі тоқалдар жайлы да ашып айтты.

Сіздің реакцияңыз
20
2
1
2
0
7
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel