RU

Қостанай облысында 10 жастағы бала суға батып кетті

Қостанай облысының Қамысты ауданында мектеп оқушысы тереңдігі төрт метр болатын жасанды cу қоймасына батып кетті деп хабарлайды Костанайские новости-ге сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: pixabay
Фото: pixabay: Depositphotos

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, оқыс оқиға Адаевка елді мекенінен үш шақырым жерде орын алған.

"Денені жергілікті тұрғын судың үш метр тереңдігінен шығарды. 16:00-де ұл бала жақындарынан футбол ойнау үшін сұранған. Шамамен 18:15-те шомылуға рұқсат етілмеген жерде суға батып кетті. Ол жүзу білмеді", - деді ведомство.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1806387-kostanaj-oblysynda-10-zastagy-bala-suga-batyp-ketti.html