RU
"Күңі секілдімін": Есеппен тұрмысқа шыққан ару жан сырын ақтарды

"Күңі секілдімін": Есеппен тұрмысқа шыққан ару жан сырын ақтарды

Рассказать Вконтакте

Отбасын құрғанына екі ай ғана болған 18 жастағы бойжеткен асығыстық жасағанына өкініп жүр. Келін атанған ару күйеуіне махаббатпен емес, есеппен тұрмысқа шыққанын мойындады. Жолдасын кейін сүйіп кетемін деп ойлаған ол некелескеннен кейін өмірі тозаққа айналғанын айтты деп жазады "Алаш айнасы".

Көрнекі сурет: orien.info

Көрнекі сурет: orien.info

"18 жастамын. Тұрмысқа шыққаныма екі ай ғана болды. Махаббатпен емес, есеппен тұрмысқа шықтым. Күйеуіме деген мүлде көңілім жоқ. Оны жақсы көрмеймін.
Сөйлесіп жүрген кезде мінезі алтын болған. Қалағанымды әперіп, бәрін жасайтын. Кездесіп жүргенімізде мені еркелеткеніне көзім байланып қалған болу керек. Өзімді сыйлап тұрса, жағдайымды жасаса, оны сүйіп кетемін деп ойладым" , - деді ару.

Алайда, тұрмысқа шыққан соң, "алтын мінезді" сүйіктісі күрт өзгеріп шыға келген.

"Оның үй-іші де одан қорқады. Маған дейін бір мәрте үйленіп ажырасқан екен. Мен оған бар абыроймен тұрмысқа шықсам да, мені басынып бітті. Әйелі емес, күңі секілдімін. Қазір қатты өкініп жүрмін. Неге сонша асықтым? Неге жеңілтектік жасадым деп күнде жылап алатын болдым" , - деді ол.

Жас қалындық сәл еркелеп қалса, күйеуі оған ауыр сөздерді жаудыратын көрінеді. Тығырыққа тірелген ару ішіндегі мұңын кімге айтарын да білмейді.

"Анама да айта алмаймын. Өйткені ол кісінің айтқанын тыңдамай, тұрмысқа шығып кеткенмін. Бостандыққа əбден үйреніп қалыппын. Үйде қалаған уакытымда тұрып, қалаған уакытта ұйықтап, білгенімді істеп жүрдім. Ал қазір бәрі өзгерді. Таңғы жетіден бастап үйдің тірліктерін істеп, түнгі 11-12-де құлап түсемін" , - деді бойжеткен.

Тұрмысқа ерте шыққанына өкінген ару жастық шағын өзі қор қылғанына қатты күйініп жүр. Бұл тұрғыда ол өзге қыздарға өз қателігін қайталамауға кеңес берді.

Сіздің реакцияңыз
3
1
1
12
0
2
3
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel