Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жолдыбаеваның клипін көрген Қалдыбек Құрманәлі әншіге жаны ашитынын айтты

Опубликовано:

Танымал отандық композитор, шәмшітанушы Қалдыбек Құрманәлі "Қамшы сұхбат" бағдарламасында Кәмшат Жолдыбаеваның атышулы бейнебаянына пікір білдірді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Кәмшат Жолдыбаева, Қалдыбек Құрманәлі. Фото: Әншінің жеке парақшасы,baq.kz. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Кәмшат Жолдыбаева, Қалдыбек Құрманәлі. Фото: Әншінің жеке парақшасы,baq.kz. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Instagram

Бағдарлама жүргізушісі Ирина Советжанқызы шәмшітанушыдан: "Қазір мән-мағынасыз, қойыртпақ әндер көбейді. Тіпті көрермендерді көбейту үшін неше түрлі бейнебаяндар да шығып жатыр. Біздің қазақы болмысымызға сай келмейтін бейнебаяндар көбейіп кетті. Солардың біреуін көрсетейін. Қандай пікір білдіресіз", - деп Жолдыбаеваның клипін көрсеткен.

Ал композитор өз сөзінде тек Кәмшат Жолдыбаеваны ғана емес, өзге қыздарды да тілге тиек етті.

"Мен қазір Кәмшатқа және сол секілді қыздарға аяушылықпен қараймын. Жаным ашиды соларға. Ұзақ өмір сүрсін деп тілеймін. Күндердің күнінде олардың баласы, немересі болады. Бұл клип тасқа таңбаланғандай болып қалды. Енді 20-30 жылдан кейін балаларымен бірге осы бейнебаянды көре ала ма екен? Мұндайларды мүсіркеймін. Бірақ тағы бір ойым, егер осылай ойлайтын Кәмшат болса, бейнебаянға түсер ме еді?!
Мүмкін продюсерінің де ісі шығар деп ойлаймын. Мен Кәмшатпен кездескен кезде "осы бейнебаянға шын мәнінде өз қалауыңмен істеп жүрсің бе? Әлде продюсеріңнің сызып бергенін істеп жүрсің бе?" деп сұрар едім. Сұлулықты, дене бітімнің мықтылығын, әдемілікті басқа жерде де көрсетуге болады. Тек қана аяғын аспанға көтеріп, кеудесін ашып... Білмеймін енді, өзім жақсы көретін қарындасым еді", - дейді Қалдыбек Құрманәлі.

Естеріңізге сала кетейік, Кәмшат Жолдыбаеваның "Caramel" атты бейнебаяны мамыр айында жарыққа шыққан болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1806392-zoldybaevany-klipin-krgen-kaldybek-krmanli-nsige-zany-asitynyn-ajtty/

pixel