RU
Гвинеяда оқушы қыз емтихан ортасында босанып қалды
Жаңалықтар Калейдоскоп

Гвинеяда оқушы қыз емтихан ортасында босанып қалды

Рассказать Вконтакте

Гвинеяда бұрын-соңды болмаған айрықша оқиға тіркелді. Күйеуі мен оның туыстарынан қорыққан бойжеткен емтихан ортасында босанып қалған деп хабарлайды The Sunday Times-ке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: Life.ru

Көрнекі фото: Life.ru

Маму қаласының тұрғыны, 18 жастағы Фатумата Курума Конде емтихан тапсыруға келіп, сол жерде толғағы келгенін білген. Ол тез арада ауруханаға жеткізіліп, 10 минуттан кейін дүниеге ұлын әкелген екен. Бір қызығы бойжеткен босана салып, қайтадан аудиторияға келген.

Арудың сөзінше, ол күйеуі мен туыстары емтиханға жібермей қояды деген себеппен, босанатын күні жақындап қалғанын жасырған екен.
"Мен ешқандай емтиханды жібергім келмеді. Себебі бұл емтиханға мен бір жыл бойы дайындалдым", - дейді жас ана.

Оқиғаның емтихан орталығы директоры Мохамед Диаките де растап отыр.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
1
2
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel