RU
Kaspi Bank бұрынғы қызметкерін ұстауға көмектескен азаматқа 10 млн теңге берді

Kaspi Bank бұрынғы қызметкерін ұстауға көмектескен азаматқа 10 млн теңге берді

Рассказать Вконтакте

Kaspi қауіпсіздік қызметі Павлодар облысының ПД-мен бірлесе отырып, алаяқтық жасады деген күдікке ілінген Kaspi банкінің бұрынғы қызметкері Руслан Сексембаевты тауып, ұстады. Тергеу және жедел іс-әрекеттер нәтижесінде күдікті Екібастұз қаласында 21 шілде күні құрықталды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Сексембаев жылжымайтын мүлікті төмен бағамен сатып алуға көмек көрсетуге уәде беріп, азаматтардың сеніміне кіріп, алаяқтықпен қаражатты өзінің жеке шотына аударуға көндірген. Ал содан кейін жасырынып жүрген.

Өз кезегінде, Kaspi күдіктіні ұстауға көмек көрсеткені үшін Сексембаевтың мекен-жайы туралы ақпарат берген азаматқа 10 млн теңге көлемінде сыйақы төледі. Азаматтың аты-жөні оның қауіпсіздігі және тергеу мүддесі үшін айтылмайды.

Тергеу жұмыстарының аяқталуына бойынша Сексембаев сот алдында жауап беріп, заңның барлық қатаң талаптарына сәйкес жазаланады деп үміттенеміз.

Kaspi құқық қорғау органдарымен бірлесіп барлық қатысушыларды анықтау және клиенттердің мүдделерін қорғау мақсатында осы қылмыстың мән-жайын зерделеуді және тергеуді жалғастыруда.

Сіздің реакцияңыз
0
0
1
1
3
7
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel