RU
"ҚазАгро" холдингінде 399 млрд көлеміндегі шығын анықталды

"ҚазАгро" холдингінде 399 млрд көлеміндегі шығын анықталды

Рассказать Вконтакте

"ҚазАгро ҰБХ" АҚ-да компанияның қаржылық жағдайына баға беру үрдісі аяқталды. Тәуелсіз тексерісті КиПиЭмДжи халықаралық аудиторлық компания жүргізген. Бұл туралы "ҚазАгро"Холдинг" АҚ баспасөз қызметі мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: NUR.KZ

Көрнекі фото: NUR.KZ

Холдингтің қаржылық жағдайы 2013 пен 2017 жылдар аралығында нашарлап кеткен. Бұл кезеңде қаржылық нарық тұрақсыз болып, теңге девальвацияға ұшырады. Одан бөлек, аграрлық-өндірістік кешенге несие берген бірқатар банктер дефолтты бастан кешті.

Негативті зардаптармен күресу үшін компания қарыздарды доллар мен еуро түрінде беретін шетелде орналасқан басқа банктерге жүгінуге мәжбүр болды. Нәтижесінде жағдай одан бетер ушығып кеттті.

"Холдингтің Эрнст энд Янг аудиторлық компаниясымен бекітілген жиналған шығынының нақты мөлшері 2019 жылдың басында 399,1 млрд теңгені құрады" , - деді "ҚазАгро" ҰБХ басқарма төрғасы Ербол Қарашүкеев.

Алайда, бас холдингте орын алған бұл мәселе еншілес компаниялардың жұмысына еш әсер етпеген. Олар қалпынша табыс әкеліп, жемісті қызмет көрсетуде.

Оған қоса, Қарашүкеев ҚазАгро мәселелерін шешу барысында оның еншілес компаниялары мен олардың қарыз алушыларын естен шығармау керектігін айтты. Осылайша, бас кеңседегі проблеманы жою кезінде басқа компаниялардағы жағдайды ушықтырып алмаған маңызды.

Орын алған проблемаларды шешу үшін Холдингтің қаржылық жағдайын тұрақтандыру ісінде шұғыл шаралар қолдану қажет. Сонымен қатар, мекеменің қаржылық жағын оңтайландырып, барлық үрдістерді автоматтандыру керек.

Сіздің реакцияңыз
4
0
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel