Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақ баласы алаңға жүгіріп шығып, әйгілі Роналдумен суретке түсті (фото, видео)

Опубликовано:

Желіде алаңға жүгіріп шығып, сүйікті футболшысы Криштиану Роналдумен суретке түскен жасөспірімнің фотосы мен видеосы пайда болды. Жас жанкүйердің әйгілі спортшымен кездескен сәті көптеген әлемдік БАҚ өкілдерінің объективіне ілінген деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Қызықты жағдай "Ювентус" пен "Тотенхэм" командалары арасындағы ойын кезінде болған. Криштиану Роналду қосалқы құраммен бірге отырған кезде оның қасына жасөспірім жүгіріп келіп, естелікке суретке түсуін сұраған.

Жанкүйер баланың "Ювентус" ойыншыларымен сөйлесіп отырған сәті желі қолданушыларының гаджеттеріне ғана емес, телевизиялық камераларға да түсіп қалған.

Анықталғандай, алаңға жүгіріп шыққан бала Қазақстан тумасы болып шықты. Оның есімі Ахмади.

Жасөспірімнің әкесі Болатбек Абулхайыров ұлының туған күніне орай оған аталмыш матчқа билет тарту еткен. Бұл туралы ол өзінің Instagram парақшасында жазды.

Болатбектің айтуынша, ұлына Роналдудың қасына жүгіріп шығуға өзі кеңес берген. Себебі, Роналду Ахмадидің ең сүйікті футболшысы екен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1806429-kazak-balasy-alaga-zgirip-sygyp-jgili-ronaldumen-suretke-tsti-foto-video/

pixel