Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Өрттен аман қалу үшін 19 қабаттан өрмелеп түскен ер адам елді таңырқатты (фото)

Опубликовано:

Американың Филадельфия штатының тұрғыны өрт пайда болған ғимараттан өз күшімен шыққан. Ер азамат құтқарушыларды күтпестен 19 қабаттан өрмелеп түскен деп хабарлайды 120.su сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: Видеодан кадр
Фото: Видеодан кадр: UGC

Өрт шыққан ғимартқа өрт сөндірушілер мен жергілікті телеарналардың тікұшақтары келіп жетті. Тілшілер болған оқиғаны камераға түсіріп алды.

Кадрдан белгісіз адамның емін-еркін 19 қабаттан түсіп келе жатқанын көруге болады. Оған қоса ер адамның ешқандай қауіпсіздік белбеулері мен бас киімі болмаған.

Бірнеше минуттан кейін ер жүрек жігіт жерге түсті. Хабарланғандай, өрт дер кезінде сөндірілген. Сол себепті тұрғындардың ешбірі зардап шеккен жоқ. Тіпті "қойылым" көрсеткен жас жігіт те дін аман болып шыққан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1806455-rtten-aman-kalu-sin-19-kabattan-rmelep-tsken-er-adam-eldi-tayrkatty-foto/

pixel