RU
Роналдумен кездесу үшін алаңға жүгіріп шыққан қазақ бала мен әкесі ескерту алды
Жаңалықтар Қоғам

Роналдумен кездесу үшін алаңға жүгіріп шыққан қазақ бала мен әкесі ескерту алды

Рассказать Вконтакте

"Ювентус" пен "Тотенхэм" командалары арасындағы ойын кезінде алаңға жүгіріп шығып, әйгілі футболшы Криштиану Роналдумен суретке түскен қазақстандық жанкүйер Ахмади Ержанов пен оның әкесіне Сингапур құқық қорғаушылары ескерту жасады деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл туралы агенттіке сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров айтып берді.

"Бүгін "Ювентус" пен "Тоттенхэм" арасындағы матч барысында қазақстандық 14 жастағы жанкүйер Ахмади Ержанов футбол алаңына жүгіріп шығып, Роналдумен суретке түскен. Бұл әрекеті үшін ол әкесімен бірге жергілікті полиция бөлімшесіне жеткізілді.
Сингапурдағы заң талаптарының қаталдығын ескерсек, балаға қомақты айыппұл салынуы тиіс болатын. Осы оқиғадан құлағдар болған консул полиция бөлімшесіне келді. Ұсталған азаматтар ағылшынша білмегендіктен, оларға ағылшынша көмек көрсетілді. Нәтижесінде іс материалдары прокуратураға беріліп қойса да, Сингапурдағы консул полиция өкілдеріне жағдайды түсіндірді.
Соның арқасында жасөспірім айыппұл төлемей, тек ескерту алды. Ахмади - жолы болғыш жігіт", - деді Айбек Смадияров.

ҚР СІМ өкілі қазақстандық азаматтар қиын жағдайға тап болса, бірден консулға жүгінуді ескертті.

"Егер осындай жағдай туындай қалса, қазақстандық азаматтарға міндетті түрде қазақстандық консулмен тілдесу керектігін ескертеміз. Алайда, шетелдегі заң талаптарын бұзбауға шақырамыз", - деді Смадияров.

Естеріңізге сала кетейік, 14 жастағы қазақстандық жанкүйердің танымал футбол ойыншысымен суретке түскені жайлы ақпарат бүгін БАҚ беттерінде тараған.

Сіздің реакцияңыз
1
0
0
0
0
11
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel