RU
Kaspi-дің бұрынғы қызметкері адамдарды неліктен алдағанын айтты

Kaspi-дің бұрынғы қызметкері адамдарды неліктен алдағанын айтты

Рассказать Вконтакте

Павлодарда адамдарды алдағаны үшін күдікке ілінген Kaspi bank-тің бұрынғы қызметкерін құрықтауға байланысты жаңа мәліметтер пайда болды. Бұрын қаржы ұйымы ол туралы ақпарат үшін 10 млн теңге көлеміндегі сыйақы беретінін хабарлаған еді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Ауданаралық ПД-нің баспасөз қызметінің мәліметінше, полицияға Павлодар қаласының тұрғындары шағымданып, Kaspi bank қызметкеріне үлкен сомаға алданып қалғанын хабарлаған.

Қазір оған қатысты жалпы құны шамамен 320 млн теңгені құрайтын 43 қылмыстық іс тергелуде.

Жәбірленушілердің кепіл мүлкін сатып алғысы келгені анықталды. Сол себепті олар ұсталған азаматтың шотына ақша аударған немесе Павлодардағы банк бөлімшелерінің бірінде қолма-қол ақша берген.

21 шілдеде күдікті Екібастұз қаласында ұсталды. Ол өз кінәсін мойындады. Қазіргі уақытта ер адам уақытша ұстау изоляторында.

Полиция департаментінде жауап беру кезінде оның өз әрекеттерін қалай түсіндіргенін айтып берді.

2017 жылы Kaspi bank-тің бұрынғы қызметкері танысынан пайызға ақша алған, алайда қарызды қайтара алмағандықтан тек пайыздарын берген.

Сондықтан, ұсталған азамат қарызды өтеу үшін оған қаражат қажет болғанын айтты. Ол кезде ер азамат Kaspi bank-те несие беру бөлімінің басшысы болып жұмыс істеген.

Ер адам тығырықтан шығудың жолын іздестіріп, тапқан. Банкке қымбат емес кепіл мүлкін сатып алғысы келетін клиенттер келгенде, күдікті олардан ақша алып тұрған. Қызметкердің клиенттерге ешқандай көмек көрсететін ниеті болмаған.

Бұл қаражаттар жеке қарыздарды жабуға жұмсалған, сондай-ақ ішінара оларды берген клиенттерге қайтарып тұрған.

ПД-да банктің экс-қызметкерінің іс-әрекеттерінен зардап шеккен жандар болса полицияға хабарласуын сұрады.

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін Kaspi bank бұрынғы қызметкері Руслан Сексембаевтың тұрған жері туралы ақпарат берген адамға 10 млн теңге көлеміндегі сыйақы тағайындағанын хабарлаған еді.

Бүгін күдіктінің ұсталып, сыйақының берілгені белгілі болды.

Сіздің реакцияңыз
3
0
0
0
0
0
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel