RU
Мұғалімдерді қара жұмысқа салған шенеунік жазаланды

Мұғалімдерді қара жұмысқа салған шенеунік жазаланды

Рассказать Вконтакте

Өзбекстанның Наманган облысы Касансай ауданы басшысының орынбасары Мубилло Исомиддинов мұғалімдерді өзен жағалауына бетон құюға мәжбүрлеп, қара жұмысқа салғаны үшін айыппұл арқалады деп хабарлайды Орталық Азияның жаңалықтар қызметі.

Фото: beton-house.com

Фото: beton-house.com

Бұл туралы Өзбекстанның еңбек қатынастары және жұмыспен қамту министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Басылымының мәліметінше, бұған дейін жергілікті ақпарат құралдары аудан басшысы орынбасарының мұғалімдерді қара жұмысқа салғаны туралы хабарлаған болатын. Бетон құюға 80 мұғалім жұмылдырылған.

Шенеунік мектеп қызметкерлерін мәжбүрлеп жұмысқа салғанын мойындаған. Сонымен қатар, ол мұндай әрекетін ендігі қайталамайтынын айтқан.

Орынбасарға 608 190 сом ( шамамен 26 мың теңге) айыппұл салынған.

Сіздің реакцияңыз
4
1
0
1
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel