RU
"Заң барлық адамға бірдей": Жылдамдықты арттырған Мирзияевтің кіші күйеу баласы айыппұл арқалады

"Заң барлық адамға бірдей": Жылдамдықты арттырған Мирзияевтің кіші күйеу баласы айыппұл арқалады

Рассказать Вконтакте

Ташкент қалалық жол қозғалысы ережесін қадағалау басқармасы Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияевтің кіші күйеу баласы Отабек Умаровты жауапқа тартты деп хабарлайды Орталық Азияның жаңалықтар қызметі.

Бұл туралы Умаров Instagram парақшасында жазып, 1 824 570 сом ( шамамен 76 800 теңге) төлегенін айтып, түбіртектің суретін жариялған.

Мұның алдында "Азаттықтың" өзбек қызметі Отабек Умаровтың Instagram-дағы Stories-қа салған видеосын жариялаған.

Бейнежазбадан оның елорданың орталық көшелерінде Tesla көлігімен сағатына 200 км жылдамдықпен келе жатқаны байқалған.

Озодлик (Азаттық) жариялаған бұл видео бірнеше минутта жүздеген мың қаралым жинаған.

"Адамдардың дәрежесіне қарамай, қоғамдағы жағдайды сынау, бұл бізге көп жұмыс істеп, тәртіпке бағынуға шақырады", – деді президенттің күйеу баласы іс-әрекетіне қатысты пікір білдіре отырып.

"Айыппұлды бүгін төледім. Заң барлық адамға бірдей! Осы жағдайды пайдаланып, отандық және шетелдік БАҚ-қа алғыс айтқым келеді!", – деген Отабек Умаров.

Сіздің реакцияңыз
2
4
1
0
2
13
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel