RU
Нұр-Сұлтан мен Қазақстанның бірнеше өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Нұр-Сұлтан мен Қазақстанның бірнеше өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Рассказать Вконтакте

Синоптиктер елорда мен Қазақстанның бірнеше өңіріне дауылды ескерту жариялады деп хабарлайды "Қазгидрометке" сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: krasnodar.bezformata.com

Көрнекі фото: krasnodar.bezformata.com

23 шілдеде Маңғыстау облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, 15-20 м / с жылдамдықпен жел соғады, күндіз 40 градус ыстық болады.

Ақтауда 18 м/с дейін жел соғады.

Сейсенбі күні Ақтөбе облысында түнде күн күркірейді деп болжануда.

23-24 шілдеде Ақмола облысында күн күркіреп, бұршақ жауады. Сондай - ақ жел 15-20 м/с болуы мүмкін, ал 23 шілдеде түнде және таңертең тұман түседі.

Көкшетауда бұшл күндері күн күркіреп, бұршақ жауады.

23 шілдеде түнде Атырау облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі.

Сол күні Қостанай облысында найзағай, дауыл, бұршақ болвп, жел 15-20 м/с ұйытқуы мүмкін.

Қостанайда сейсенбі күні күн күркіреп, 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.

Ертең Солтүстік Қазақстан және Петропавл облысының кей жерлерінде найзағай, тұман, дауыл, бұршақ және жел 15-20 м/с күтіледі.

23-24 шілдеде синоптиктер Нұр-Сұлтанда найзағай, дауыл, бұршақ болып, жел 15-18 м/с дейін жетеді деп болжайды.

Сіздің реакцияңыз
0
2
0
0
1
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel