RU
Қырғызстан шекарасында Тәжікстанмен болған жанжал салдарынан бір адам қаза тапты

Қырғызстан шекарасында Тәжікстанмен болған жанжал салдарынан бір адам қаза тапты

Рассказать Вконтакте

Қырғызстан шекарасындағы қақтығыс салдарынан Тәжікстанның бір азаматы қаза тауып, үшеуіне оқ тиген, ал жетеуі - түрлі дәрежедегі жарақат алған. Бұл туралы Тәжікстанның ұлттық қауіпсіздік комитеті шекара әскерлерінің баспасөз қызметінің мәлімдемесінде айтылды деп хабарлайды РИА Новостиге сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: ca-times.org

Көрнекі фото: ca-times.org

Бұған дейін Қырғызстанның мемлекеттік шекара қызметі Тәжікстанмен шекарадағы атыс салдарынан бес адам зардап шеккенін хабарлады. Душанбеде бір адамның көз жұмғаны мәлім болды.

"Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонның Исфараға жұмыс сапары мен оның Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбековпен кездесуі барысында Тәжікстан тұрғындары Торух ауылы аумағындағы Тәжікстанның Мемлекеттік Туы орнатылған жерде абаттандыру жұмыстарын жүргізді", - делінген мәлімдемеде.

Тәжікстан шекара әскерлерінің мәліметтерінше, жергілікті уақыт бойынша шамамен 16.35-те (14.35 мск) қырғыз азаматтары бұған кедергі жасай бастады. Олар жерді өз бетімен қазып, "Оксой" деген жазуы бар қалқан мен өз елінің туын тіккен.

Душанбеде хабарлағандай, Қырғызстан азаматтары мұны Тәжікстан аумағында жасағандықтан, Воруха тұрғындары оларға қарсы болды - нәтижесінде екі елдің азаматтары арасында жанжал пайда шыққан.

Тәжікстанның шекара қызметінің айтуынша, қырғыз тарапы атыс қаруын пайдаланып, салдарынан Тәжікстан азаматы қаза тапты, тағы үшеуі жарақат алған. Сондай-ақ, тастарды лақтыру кезінде Тәжікстанның жеті азаматы түрлі дәрежедегі жарақат алған.

Тәжікстан билігі Қырғызстанның азаматтары "Исфара-Ворух" жолын заңсыз жауып тастады деп мәлімдейді.

"Исфара қаласындағы екі көрші мемлекет басшыларының жоғары деңгейдегі кездесуі қарсаңында болған оқиға кейбір мүдделі қырғыз топтарының шекарада бейбітшілік пен тыныштықты қаламайтынын және арандатушылыққа баратынын куәландырады", - делінген мәлімдемеде.

Қазіргі уақытта оқиға орнында Тәжікстан мен Қырғызстан шекаралық ведомстволарының, екі елдің басқа да қауіпсіздік және құқық қорғау органдарының ресми өкілдері бар.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel