RU
Түрмеде отырған бұрынғы экстремистер теріс көзқарастары үшін өкінетіндерін айтты (видео)

Түрмеде отырған бұрынғы экстремистер теріс көзқарастары үшін өкінетіндерін айтты (видео)

Рассказать Вконтакте

Қазіргі уақытта колонияда жатқан бұрынғы қазақстандық экстремистер теріс көзқарастары үшін өкінетінін айтты деп хабарлайды "Еуразия" бірінші арнасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Айыпталушы және анасы, фото: Видеодан кадр

Айыпталушы және анасы, фото: Видеодан кадр

Биылғы жылдың мамыр айында Оңтүстік Қазақстанда өз қызметін жүзеге асырған исламның салафит ағымының көшбасшысы Дильмурат Махаматов 8 жылға бас бостандығынан айырылды. Онымен бірге оның тағы 20 ізбасары қамауға алынды.

Қазіргі уақытта олардың кейібірі қателіктерін мойындап, өкініштерін білдіруде.

Қамауға алынғандардың бірінің анасы дәстүрлі емес діни ағымға кіріп кеткен ұлы мен келінінің жақындарымен араласпай кеткенін айтты.

Жігіт жерлеу рәсімдеріне немесе салтанатты жиындарға бармаған, сондай-ақ оны отбасының басқа да мүшелеріне жасауға тыйым салған.

"Мәселен, мен оған: жерлеу рәсімне бару керек деймін. Ол бармайды. Тойға шақырса да бармайды", - дейді ол.

Әйел адамның сөзінше, оған қоса олар ештеңе тыңдағысы келмейтін. Бұрын оның ұлы араласып жүрген "сақалды жігіттер" енді оның жағдайын мүлде сұрамайды екен.

Ер азамат тек қамауға алынғанда өкіне бастаған. Қазір ол ақымақ болғанын, Махаматовтың уағыздарын желіден тауып, тыңдап, оған сенуге шешім қабылдағанын айтты.

"Мен - ата-анамның жалғыз баласымын, өзімнің бес балам бар. Жақындарымнан бас тартып, енді түрмеде отырмын", - дейді сотталушы.

Діни көзқарастарға қайшы келетін Ділмұрат Махаматовтың ілімдеріне сенгендер кейіннен бұған қатты өкінген. Бұдан бұрын қазақстандық Сауд Арабиясынан елге жеткізілді. Оның ісі Шымкентте қаралды.

Сонымен қатар, теологтар мен дін өкілдері адамдарды қате пайымдаулар мен насихаттарға берілмеуге шақырады. Олар бар жағдайды түзеткісі келетіндерге көмектесуге дайын.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
1
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel