Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қайрат Нұртас арбаға таңылған тыңдарманына костюмін сыйға тартты (видео)

Опубликовано:

Қайрат Нұртас жеке концертінде арбаға таңылған кішкентай тыңдарманына костюмін сыйға тартты. Бұл жайында хитменнің анасы Гүлзира Айдарбекова Instagram парақшасында жариялады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Фото: Видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Instagram

Видеодан әншінің сахнадан түсіп, көрермендер қатарында отырған жеткіншектің иығына өз костюмін жапқанын көруге болады.

Содан соң хитмен тыңдарманының маңдайынан сүйіп, бірге суретке түскен.

Ал залдағы өзге көрермендер әншінің бұл ісіне ризашылық танытып, қошемет көрсеткен.

Желі қолданушылары да Қайрат Нұртастың бұл әрекетіне сүйсінгенін жарыса жазды.

"Жарайсың, Қайрат", "Аман бол", "Осы ісі үшін, адал ниеті үшін ризамын", "Мына видеоны көріп көзіме жас келді", "Баланың арбада отырғанын байқап, беріп жатыр ғой. Бір концертінде үлкен кісіге қолындағы гүлін сыйлаған еді. Жарайсың" деп жазды желідегілер.

Айта кетейік, бұл Қайрат Нұртастың тыңдарманына сыйлаған алғашқы костюмі емес. Әнші осы үрдісті кеш қоюға барған өңірлерде жалғастырып келеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1806538-kajrat-nrtas-arbaga-taylgan-tydarmanyna-kostumin-syjga-tartty-video/

pixel