RU
Әділхан Макин "Славян базары" байқауында шетелдік аруға ғашық болып қалған

Әділхан Макин "Славян базары" байқауында шетелдік аруға ғашық болып қалған

Рассказать Вконтакте

"Славян базары-2019" байқауының гран-при иегері Әділхан Макин байқау кезінде шетелдік қарсыласына ғашық болғанын жасырмай айтып берді деп жазады Sputnik Қазақстан.

24 жастағы жігіттің айтуынша, байқауда оған шабыт сыйлаған да сол бойжеткен болған.

"Байқауда Литвадан келген Паулина есімді қыз болды. Оны алғаш көргенімде, көз ала алмадым. Ағылшын тілін дұрыс білмегендіктен, сөйлескен кезде қиналдым. Бірақ, бірге суретке түстік, телефон нөмірін алдым.
Қоштасарда, тіпті, жылап жібере жаздадық. Бір-бірімізді қонаққа шақырдық. Ол өте жақсы музыкант, скрипкашы. Мүмкін, байқауда мені шабыттандырған да сол шығар", - деп ағынан жарылды әнші.

Естеріңізге сала кетейік, Әділхан Макин Витебскте өткен "Славян базарының" жеңімпазы атанды.

Кейін желіде қазақстандық әншінің өнер көрсеткен сәтінен видео пайда болған. Ол өзінің ерекше ән орындау қабілетімен елді таңдай қақтырды.

Сіздің реакцияңыз
11
2
0
0
1
16
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel