Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркістан облысында жеті түнде төрт жасар қыз бала ұшты-күйлі жоғалып кеткен

Опубликовано:

Түркістан облысы Сарыағаш ауданының тұрғыны түнгі сағат 00:00 шамасында төрт жастағы қызын ертіп орталық дүкенге барған. Керек жарағын алып, сауда жасап болған соң ғана әкесі жетегіндегі бүлдіршіннің жоқ екенін байқаған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: KAZ.NUR.KZ.
Фото: KAZ.NUR.KZ.: Original

Әлі тілі шыға қоймаған қызын дүкеннен іздеп таппаған ер адам әйеліне хабарласып, екеуі тағы екі сағат шарқ ұрып іздеген.

Түн жарымда кішкентайдан көз жазып қалып, есі шыққан ата-ана жергілікті полиция бөліміне хабар берген.

Тәртіп сақшылары Сарыағаштың көшелерін, ондағы бейнебақылау камераларының жазбаларын қарап жедел іздестіру шарасына кіріскен.

Түн ауа көше бойында жылап жүрген төрт жасар балақайды полицейлер тауып, бөлімшеге ата анасын шақырып, табыстаған.

"Әкесінен қалмай дүкенге барамын деп жылады. Қызымның көңілін қалдырмай түнгі уақытта жіберіп едім. Нәтижесі осы болып отыр ғой. Жеті түнде қызымды жіберген өзім де мүлде дұрыс істемедім. Алайда әкесіне сеніп едім.
Полицейлердің тез арада бағыт алып, тауып бергеніне ризамын. Әсіресе, учаскелік полиция инспекторы,  полиция капитаны Заман Қошбаевқа айтар алғысым шексіз. Бұзақыларға жолықпай, дін аман болғанына Аллаға шүкір", - дейді қапелінде қызынан айырылып қала жаздаған анасы. 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1806546-trkistan-oblysynda-zeti-tnde-trt-zasar-kyz-bala-sty-kjli-zogalyp-ketken/

pixel